- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ауа райы туралы
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото:
Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев
Синоптиктер 7, 8, 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
7 қаңтардан бастап республиканың басым бөлігінің ауа райына Оңтүстік-Каспий циклоны әсер етеді. Сондықтан:
- елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында қар, боран, кейде қалың қар болжанады;
- республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады;
- Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
8 қаңтарға қараған түні батыс антициклон әсерінен ауа температурасы күрт төмендейді:
- түнде республиканың солтүстік жартысында 15-25 градус аязға дейін,
- оңтүстігінде 5-15 градусқа дейін,
- Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аудандарында 20-25 градус аязға дейін күтіледі.
Алайда 9 қаңтарда түстен кейін ауа температурасы қайтадан көтеріледі: республиканың солтүстік жартысында 0-5 градус аязға дейін болса, оңтүстікте 0-5 градус жылы температураға дейін көтеріледі.
Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова