Синоптиктер 10, 11, 12 желтоқсанға арналған ауа райын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аптаның басында қар жауып, боран соғып, елдің батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Сондай-ақ көктайғақ күтіледі. Елдің оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:
- түнде елдің батысында 0-8 градус аязға дейін,
- солтүстік-батысында, солтүстігінде 7-15 градус аязға дейін,
- Қазақстанның орталығында 10-18 градус аязға дейін,
- республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында 7-20 градус аязға дейін,
- оңтүстік облыстарда 5-13 градус аязға дейін көтеріледі", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!