Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Синоптиктер 7, 8, 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Республиканың басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етеді. Сондықтан тұрақсыз ауа райы күтіледі.

  • Еліміздің шығысында қатты қар жауады, бұрқасын күтіледі.
  • Оңтүстік өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласады, таулы аудандарда қатты жауын-шашын жауады.
  • Шығыс, оңтүстік және орталық аймақтарда көктайғақ болады деп болжанып отыр.
  • Елдің батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Ауа температурасы түнде елдің батысында 5-13 градус аязға дейін, солтүстік-батыста 13-25 градус аязға дейін, еліміздің солтүстігінде 20-25 градус аязға дейін, Қазақстанның орталығында 15-28 градус аязға дейін, республиканың шығысында 18-26 градус аязға дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде 8-21 градус аязға дейін біртіндеп төмендейді", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова