Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 3, 4, 5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Елдің солтүстігінде, орталық аймақтарында аздаған қар, оңтүстігінде, шығыс аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады.

"Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман түседі", - деп жазылған хабарламада.

Алдағы күндері ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!