- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндеріндегі ауа райы
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан аумағына кезекті солтүстік-батыс циклонының әсерінен жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, көктайғақ болады.
Республиканың солтүстік жартысында бұрқасын болуы мүмкін. Тек 21 қарашаға жақын республиканың батыс және солтүстік-батыс аймақтары жауын-шашынсыз ауа райын әкелетін ауқымды антициклонның аймағында болады. Республика бойынша тұман мен екпінді жел күтіледі.
Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды.
Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" мамандары 2024-2025 жылғы қыс мезгіліне арналған маусымдық ауа райы болжамын жариялап, ел аумағында қандай ауа райы болатынын мәлімдегенін жазған едік.
Желтоқсан
Желтоқсанда елдің басым бөлігінде циклондардың белсенділігі артады. Бұл құбылыс қар жаууымен, борандармен және екпінді желмен қатар жүреді. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жаңбыр мен қар жауып, таулы аймақтарда қар қалың түсуі мүмкін. Батыс пен оңтүстікте көктайғақ пен тұман жиі болады.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс және солтүстіктен келетін антициклондар ауа температурасын айтарлықтай төмендетуі ықтимал.
Қаңтар мен ақпан
Қаңтарда Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға сәйкес болады деп болжанып отыр. Ақпанда ауа температурасы нормадан 1°С-қа жоғары болуы ықтимал.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина