"Қазгидромет" синоптиктері 8, 9, 10 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аптаның басында антициклон Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді, негізінен жауын-шашын жаумайды. Кейін елдің батыс және солтүстік-батыс аймақтарына Мәскеу аумағынан циклон әсер етеді, соның салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
9-10 қазанда батыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік өңірлерде түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі.
"Республиканың батысында ауа температурасы күндіз 12-18 градусқа дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 7-17 градусқа дейін төмендейді деп болжанады, ал қалған аумақта күрт өзгерістер күтілмейді", – деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!