- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері ауа...
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 25, 26, 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері атмосфералық фронттар өтуіне байланысты республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын, республикамыздың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді, түнде ауа температурасы 2-7 градусқа дейін төмендейді.
Республикамыздың батысында, солтүстік-батысында, орталығында солтүстік-батыс антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнгі және таңертеңгі уақыттарда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
"Күндіз ауа температурасы еліміздің батысында +20+27°С дейін, солтүстікте, орталықта +15+23°С дейін, қиыр оңтүстікте +18+25°С дейін, оңтүстік-шығыста +12+20°С дейін баяу көтеріле бастайды, еліміздің шығысында ауа температурасы +3+11°С шамасында болады", – деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова