"Қазгидромет" РМК мамандары демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Синоптиктер демалыс күндері әлі де кең антициклон Қазақстан аумағының көп бөлігін қамтиды, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынын мәлімдеді. Тек елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр жауады: республиканың шығысында түнгі уақыттарда қарға айналуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшейеді.
Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман, 16 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
Күндіз ауа температурасы республиканың батысында +20+30°С, солтүстік-батысында +12+25°С, шығысында +5+18°С, оңтүстігінде +23+32°С, елдің солтүстігінде және орталығында +15+23°С-тан +10+18°С, оңтүстік-шығысында +10+23°С-тан +15+27°С-қа дейін көтерілуі күтіледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!