Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауа райына Солтүстік Атлантикалық циклон әсер етеді. Қазгидромет мәліметінге, еліміздің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қатты жел, бұршақ жауады. 

13 тамызда солтүстік-батыста, солтүстікте, 14-16 тамызда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша жел күшейеді.

"Еліміздің оңтүстігі мен шығысында күндізгі уақытта +35+38 градус қатты ыстық күтіледі, Қазақстанның қалған аумағында термометр бағаны +18+26 градустан +22+33 градусқа дейін ауытқиды", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова