Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон әсер етеді, соның әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады және қатты жел соғады.
Елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды.
"Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: күндіз солтүстік-батыста 28-35 градусқа дейін, солтүстікте 20-28 градусқа дейін, орталықта 22-33 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 27-36 градусқа дейін, оңтүстікте 33-38 градусқа дейін жоғарылайды. Елдің батысында +35+42 градусқа дейін күн қатты ысиды", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!