- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері ауа...
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Республиканың басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Сондықтан жауын-шашын жауады. 11-12 сәуірде еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түсіп, күндіз батыста, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста жел соғады.
Республика аумағының көп бөлігінде ауа температурасында айтарлықтай өзгеріс болмайды. Тек еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында 12-13 сәуірде түнгі уақытта ауа температурасы 1-13 градус аязға дейін төмендейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова