Синоптиктер 23-25 мамырдағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазгидромет мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райын атмосфералық фронталь бөлімдер айқындайды, жаңбыр, найзағай, оңтүстік-шығыста бұршақ болады. 23-25 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ауысады) болады деп болжанды. Сондай-ақ, республика бойынша желдің күшеюі, республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
"Қазақстан бойынша күндіз ауа температурасының фоны батыс өңірлерде 29-34 градус жылы, солтүстік-батыста 25-30 градус жылы, солтүстікте 23-28 градусқа дейін жоғарылауы болжанады, оңтүстікте 23-31 градус жылы, шығыс және оңтүстік-шығыста 15-25 жылы күтіледі", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!