- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері ауа...
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото:
Tengrinews.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 23, 24 және 25 тамыздағы ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болады, бұл солтүстік өңірлерде күннің жылынуына әсер етеді.
"Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа райы жағдайының қалыптасуына атмосфералық фронт әсер етеді. Күн күркіреп, жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта топырақ бетінде 2 градус үсік жүріп және тұман түседі", - делінген хабарламада.
Ауа температурасы:
- күндіз батыста +30+35 градус,
- солтүстік-батыста +23+33 градус,
- республиканың солтүстігінде ауа температурасы +17+25 градустан +23+30 градусқа дейін,
- орталықта +15+22 градустан +20+31 градусқа дейін,
- шығысында +13+21 градустан +20 +28 градусқа дейін көтеріледі,
- елдің оңтүстігінде ауа температурасының негізгі аясы +27+32 градус,
- оңтүстік-шығысында +20+28 градус.