• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Синоптиктер 30, 31 қаңтар және 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Жауын-шашын, соның ішінде қар күтіледі.

30-31 қаңтарда елдің шығысында, 31 қаңтарда елдің солтүстігінде қалың қар, боран, екпінді жел, тұман болады деп болжанып отыр. 30-31 қаңтарда елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Республиканың батыс облыстарында ғана антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

"Түнгі уақытта елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы -20...-28°C-қа дейін төмендейді, алайда күндіз 1 ақпанда термометрлердің бағандары нөлдік белгіге дейін жақындайды", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова