Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Синоптиктер 14, 15, 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, сондықтан ауа райы тұрақсыз болады.

Боран соғып, қар жауады, елдің батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Республиканың оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Түнде батыста 0-8 градус аяздан елдің солтүстігі мен шығысында 10-25 градус аязға дейін, күндіз 5 градус аяз-5 градус жылы температурадан 2-10 градус аязға дейін, елдің оңтүстігінде түнде 1-13 градус аяз, күндіз 0-12 градус жылы температураға дейін өзгереді", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова