Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада

21 қарашада Астанада күн бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Күндіз боран соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 0 градус шамасында.

22 қарашада көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 3-5 градус аяз.

23 қарашада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 4-6 градус аяз.

Алматы

21 қарашада Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады, күндіз аздап жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман. Батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 8-10 градус жылы.

22 қарашада бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.

23 қарашада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, тұман. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.

Бұған дейін синоптиктер 2024/2025 жылғы қыс мезгіліне арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын, онда ауа райы күрт өзгеретіні  айтылған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек