Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Мамандар алдағы күнде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде циклонның ықпалынан ауа райы тұрақсыз болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

24 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі, тұман және көктайғақ болады. 

Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!