Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалынан ауа райы тұрақсыз болады: жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр, жекелеген облыстарда күндіз найзағай болады деп болжанады.
23 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), 24 қазанда Жетісу облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қазақстан бойынша жел күшейеді және тұман болжанады.
Температураның фонында күрт өзгерістер болмайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз