- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері ауа...
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 25-27 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оңтүстік циклон әсерінен 25-27 сәуір аралығында еліміздің оңтүстік жартысында, 25 сәуірде еліміздің солтүстік-батысында жаңбыр жауады, солтүстік-батыста түнде жаңбыр мен қар болжанады.
Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы да мүмкін. Қалған аумақта антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша екпінді жел соғады, түнде солтүстік және шығыс облыстарда тұман түседі.
"Суық ауа бірте-бірте еліміздің оңтүстік облыстарына ауысады, онда ауа температурасы түнде 0-12 градусқа дейін, күндіз 10-20 градусқа дейін төмендейді, солтүстік облыстарда суық сақталады. 25 сәуірде мұнда түнде 0-8 градус аязға дейін, күндіз 5-13 градусқа дейін төмендейді, содан кейін солтүстікте күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды", - деп жазылған мәліметте.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова