Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
12 қыркүйекте Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан жел түнде 2-7, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 15-17 градус жылы.
13 қыркүйекте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 16-18 градус жылы.
14 қыркүйекте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 градус жылы.
12 қыркүйекте Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 21-23 градус жылы.
13 қыркүйекте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 17-19 градус жылы.
14 қыркүйекте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 17-19 градус жылы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!