Алдағы күндері Астана мен Алматыда аптап ыстық болады

Алдағы күндері Астана мен Алматыда аптап ыстық болады
Фото: depositphotos.com

Синоптиктер Астана мен Алматыда аптап ыстық болатынын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана

Бүгін, 8 тамызда, күн бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Күндіз ауа температурасы +27…+29 градус болады.

9 тамызда күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр. Ауа температурасы түнде +13…+15 градус, күндіз - +31…+33 градус.

10 тамызда күн бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр. Ауа температурасы түнде +17…+19 градус, күндіз қатты ыстық - +34…+36 градус болады деп күтіледі.

Алматы

Бүгін, 8 тамызда, күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Күндіз ауа температурасы - +32…+34 градус.

9 тамызда күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +20…+22 градус, күндіз қатты ыстық - +33…+35 градус болады деп күтіледі.

10 тамызда күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +20…+22 градус, күндіз қатты ыстық - +33…+35 градус болады деп күтіледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget