5 қарашада Алматы қаласында жаңбыр жауады. Жауын-шашын 8 қарашаға дейін үзіліспен болжанады. Түнгі кезеңде ауа температурасы +2 градусқа дейін төмендеп, 6-7 қараша аралығында қар жауады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.
Су тасқыны мен көктайғақ құбылыстарының алдын алу және жою мақсатында 490 бірлік коммуналдық арнайы техника және 1120 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Көктайғақ құбылыстарының алдын алу үшін 6 қарашадан бастап дислокация орындарында 160 құмтаратқыштың кезекшілігі жоспарланған.
"Жүргізушілерге шиналарыңызды қысқы шиналарға ауыстыруды ұсынамыз. Жолдардың жүріс бөлігіндегі мұздану, тротуарлардағы көктайғақтың пайда болуына байланысты автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз", - делінген әкімдік хабарламасында.
"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша бүгін ауыспалы бұлт, аздаған жаңбыр жауады. Батыс жел 2-7 м/с. Күндіз ауа температурасы +14...+16°C.
6 қарашада бұлтты, түннің бірінші жартысында аздап жаңбыр жауады, түстен кейін қарқындылығы артады. Түнде ауа температурасы + 8...+10°C, күндіз +14 +16°C.
7 қарашада бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады, қар жауады, күндіз аздап жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +2...+4°C.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!