Алдағы күндері Алматы облысындағы тауларда қар көшкіні болуы мүмкін

Алдағы күндері Алматы облысындағы тауларда қар көшкіні болуы мүмкін
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ТЖД Алматы облысының тұрғындарына ескерту жасады , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство өкілдері ауа райының тұрақсыз болуына байланысты және жазатайым оқиғалардың болдырмау үшін жұқа мұзда адамдардың жарақаттануы мен өлімінің алдын алу мақсатында, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды және жұқа мұзға шықпауды сұрады. Яғни облыста қар көшкіні қаупі бар. 

Алматы облысының тауларында 15-18 қаңтар аралығында көшкін қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

"Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина