Алдағы екі тәулік ішінде еліміздің 4 облысында күн суытып, жел күшейеді. Бұл туралы ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
28 қыркүйек күні күндіз және 29 қыркүйек күні тәулік бойы Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20, кейде 23-28 м/с-ға дейін жетеді, 28-29 қыркүйекте түнде кей жерлерде ауа температурасы -1-3 °C-ға дейін төмендейді.
28 қыркүйек күні күндіз және 29 қыркүйек күні Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады, ал таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады.
Кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, кейде екпіні 23-28 м/с-ға дейін жетуі мүмкін. 28 қыркүйек күні күндіз бұршақ жаууы мүмкін, 28-29 қыркүйек күні түнде кей жерлерде ауа температурасы -1-3 °C-ға дейін төмендейді.
28 қыркүйек күні күндіз және 29 қыркүйек күні Қызылорда облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, кейде 25 м/с-ға дейін жетуі мүмкін. 28-29 қыркүйекте түнде облыстың солтүстік аудандарында ауа температурасы -1-3 °C-ға дейін төмендейді.
Дереккөз: nur.kz