Алматы қаласында Абай даңғылы бойында жол жүру ішінара шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-не сілтеме жасап.
9 маусымда сағат 22.00-ден 10 маусымда сағат 15.00-ге дейін Алматы қаласының Әуезов ауданында Абай даңғылы бойынша батыс бағытта Сайын көшесінен "GASENERGY" жанармай құю бекетіне кіруге дейінгі көлік қозғалысы ішінара жабылады.
"Бұл ретте, аталған көше бойымен шығыс бағытта қозғалыс екі жаққа да ашық болады. Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астында өтетін магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!