Алдағы демалыс күндері қар жауып, көктайғақ болады

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауады, республиканың орталығында және шығысында көруді қиындата түсетін қатты қар жауады, ал жолдарда көктайғақ күтіледі.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады деп болжанып отыр.

Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Еліміздің батысында ғана антициклонның әсерінен ашық ауа райы болжанады, бірақ антициклон түнгі температураның 5-10 градус аязға дейін төмендеуін күшейтеді, қалған аумақтарда термометрлер 2-10 градус минус белгіге дейін төмендейді, тек оңтүстік аймақтарда түнде 5-10 градус жылы күтіледі.

Еске салайық, бүгін бірнеше өңірде қар жауа бастады. 

Полиция қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысындағы климаттың өзгеруіне байланысты ауа райын мұқият бақылап отыруды және жолдағы жағдайдың шұғыл өзгеруіне дайын болуды ескертті. 

Қысқы дөңгелектерге ауысуды уақытылы жоспарлаған жөн. Көктайғақ кезінде апаттың қаупін азайту үшін аса маңызды екі кеңесті ұстанған абзал: қозғалыс жылдамдығын азайту және алда кетіп бара жатқан көлікке дейінгі арақашықтықты ұлғайту.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!