Алдағы демалыс күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Конституция күніне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар мамандандырылған орталықтар 30 тамызда жұмыс істемейді.
- 31 тамызда кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар қызмет көрсетеді. Жұмыс уақыты 9:00-ден 13:00-ге дейін.
- Дүйсенбі, 2 қыркүйектен бастап орталықтар азаматтарды әдеттегі кестеге сәйкес 9:00-ден 18:00 аралығында, кезекші ХҚКО-лар 20:00-ге дейін қабылдайды.
- Ал мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 18:00-ге дейін, сенбі күндері кезекші мамандандырылған орталықтар сағат 9:00-13:00 аралығында жұмыс істейді.
Еске салайық, бұған дейін қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалатыны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!