- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы демалыс күндері...
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото:
Midjourney
Синоптиктер 29-31 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. Елдің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстік, шығыс аймақтарда тұман түседі.
"Мына аймақтарда температура біртіндеп төмендейді:
- солтүстік-батыста, солтүстікте, республиканың орталығында түнде +10+16 градустан +5+10 градусқа дейін, күндіз +20+25 градустан,
- оңтүстікте +28 градустан +13+18 градусқа дейін, оңтүстікте +25 градусқа дейін.
- тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күндізгі уақытта +22+30 градустан +25+32 градусқа дейін өседі,
- елдің басқа аймақтарында ауа райы күрт өзгермейді", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова