- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы демалыс күндері...
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото:
Тұрар Қазанғапов
Синоптиктер алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Антициклон сілемі әсерінен еліміздің көптеген аймағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронттар өтіп, өткінші жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Батыс және оңтүстік облыстарда шаңды дауыл мен екпінді жел соғады.
Күндіз батыста және оңтүстікте 25-32 градус жылы, солтүстік пен орталықта 20-28 градус жылы болады, ал еліміздің шығысында температура 17-25 градусқа дейін көтеріледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова