- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы демалыс күндері...
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" синоптиктері 6-8 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады.
Еліміздің басым бөлігінде, атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа-райы күтіледі, жаңбыр жауады. 6-8 сәуірде түнгі уақытта солтүстік-батыста, 8 сәуірде солтүстікте жауын-шашын болып, жаңбырдың соңы қарға ұласады, жел күшейеді.
6 сәуірде Батыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында, 6-7 сәуірде Алматы облысында, 8 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында қатты жаңбыр болжануда.
Оңтүстік аймақтарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады.
Республикамыздың солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы күндіз 13-20 жылыдан 7-15 жылыға дейін төмендейді. Еліміздің орталығы мен шығысында күндіз термометрлердің бағандары 15-20+ дейін көтеріледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы