Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аумағында біртіндеп температура жоғарылайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы үш тәулікте батыста, солтүстік-батыста, аптаның соңында шығыста, 17-18 наурызда Қызылорда облысында атмосфералық фронтальды бөлімдер өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Тіпті жауын-шашын болжанады.
"18 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын , 17 наурызда тәулік бойы Маңғыстау облысында да қатты жаңбыр күтіледі. Ал 16-17 наурызда жауын-шашынсыз ауа райы Түркістан облысында, 17-18 наурызда еліміздің солтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық облыстарында, 18 наурызда Қазақстанның шығысында болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын күтіледі", - деп жазылған хабарламада.
Ауа температурасы республиканың оңтүстік жартысында 8-20 градус жылыға дейін, солтүстік жартысында 0-8 градус жылыға дейін біртіндеп жоғарылайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!