Синоптиктер 2017 жылдың 17-19 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға ауысқан антициклон демалыс күндері еліміздің көптеген аудандарында аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрады. Бірақ оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктері аудандарында суық атмосфералық фронттың әсері сақталып, қар әлі де болады, - делінген хабарламада. Сонымен қатар мамандардың айтуынша, алдағы 3 тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градус төмен болады екен.