- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауа райы болжамы
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото:
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан аумағының басым бөлігін солтүстік циклон қамтиды, осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады:
- қар жауады;
- батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын - жаңбыр, боранмен және көктайғақ құбылыстарымен қар жауады;
- елдің басым бөлігінде екпінді жел соғады, күші секундына 15-29 метр.
9 қарашада түнде Қостанай облысында, 10-11 қарашада республиканың шығысында қатты қар жаууы болжанады.
Республиканың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 8-13 жылуға дейін, таулы аудандарда +5 градусқа дейін көтеріледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина