Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, оңтүстік өңірлерде найзағай байқалады.
7 қыркүйекте республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, республиканың шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Тек елдің батысында, солтүстік-батыс антициклон сілемімен, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша жел күшейеді деп болжанып отыр. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда тұман күтіледі.
7 қыркүйекте солтүстікте, шығыста және орталықта, 8 қыркүйекте Қостанай облысында, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!