- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы 3 тәулікте...
Алдағы 3 тәулікте ауа райы қандай болады?
Фото:
Tengrinews.kz
"Қазгидромет" РМК 23-25 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы 3 тәулікте күн жауын-шашынсыз болады.
"Қазақстан аумағының басым бөлігі бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, күн ашық және бір қалыпты жылы ауа райы сақталады. Тек солтүстікте және солтүстік-батыста 23 наурызда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында циклон ойпатының әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады", - деп хабарлады синоптиктер.
Республика бойынша тұман түседі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстік пен солтүстік-батыста жел күшейеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан