- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы 3 күнде...
Алдағы 3 күнде еліміздің басым бөлігінде күн суытады
Фото:
fr.wallpaperswiki.org
Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы күндіз – 0 градусқа дейін, оңтүстік пен батыста шамамен 8 градусқа дейін төмендейді.
Синоптиктердің болжамы осындай. Ал елордада жаңбыр жауып, түнде 2 градус суық болады.
Алуа Саханова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:
– Астана қаласы бойынша көшпелі бұлтты. Түнде және таңертең жауын-шашынды болады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз болса, күндіз +3+5 градус жылы болады. 14-15 қазан күндері аздаған жауын-шашын жауып, ауа температурасы күндіз +3+5 градус шамасында болады.
Дереккөз: 24.kz