Танымал актриса, тележүргізуші Жұлдыз Абдукаримова туған күн кешін дүркіретіп өткізді. Бұл қуанышқа оның жақындары мен таныстарынан бөлек, бұрынғы келіні Жібек Қайратқызы да келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Заңғар Нұртастың бұрынғы әйелі Жібек кештің әрбір деталін Желідегі парақшасында көрсетіп отырды.
Сондай-ақ, кадрлардан Гүлзира Айдарбекованың бұрынғы келіні абысындарымен жақсы қарым-қатынаста қалғаны көрінеді.
Кеш барысында Жібек қытай тілінде Жұлдызға арнап тілек те айтқан.
"Неге орысша көп сөйлейсің дейтін едіңіздер, бүгін қытайша сөйледім", - дейді Жібек.
Айта кетейік, әнші Заңғар Нұртас 2022 жылғы наурызда үйленді. Ол бұрынғы әйелімен 9 жыл жүріп, шаңырақ көтерген болатын.
Еске салайық, бұған дейін Заңғар Нұртас әйелімен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!