- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Алдағаны ма?" Ажырасып...
"Алдағаны ма?" Ажырасып кеткен Заңғар Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримованың туған күніне келді
Танымал актриса, тележүргізуші Жұлдыз Абдукаримова туған күн кешін дүркіретіп өткізді. Бұл қуанышқа оның жақындары мен таныстарынан бөлек, бұрынғы келіні Жібек Қайратқызы да келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Заңғар Нұртастың бұрынғы әйелі Жібек кештің әрбір деталін Желідегі парақшасында көрсетіп отырды.
Сондай-ақ, кадрлардан Гүлзира Айдарбекованың бұрынғы келіні абысындарымен жақсы қарым-қатынаста қалғаны көрінеді.
Кеш барысында Жібек қытай тілінде Жұлдызға арнап тілек те айтқан.
"Неге орысша көп сөйлейсің дейтін едіңіздер, бүгін қытайша сөйледім", - дейді Жібек.
Айта кетейік, әнші Заңғар Нұртас 2022 жылғы наурызда үйленді. Ол бұрынғы әйелімен 9 жыл жүріп, шаңырақ көтерген болатын.
Еске салайық, бұған дейін Заңғар Нұртас әйелімен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова