Алда тағы да толассыз жаңбыр жауады

Қазгидромет 23, 24, 25 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәскеу маңынан жылжып келе жатқан циклон мен атмосфералық фронттар әсерінен ел аумағында тұрақсыз ауа райы болады. Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей уақытта нөсер жауын болжанып отыр. Кейбір өңірлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейіп, түнгі, таңғы уақытта тұман түседі.

Күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы +7…+18 градусқа дейін төмендейді, солтүстік-батыста +10…+20 градус болады. Республиканың қалған аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі:

  • солтүстікте +18…+27 градусқа дейін,
  • орталықта +22…+30 градусқа дейін,
  • шығыста +20…+28 градусқа дейін, таулы жерлерде +10…+15 градусқа дейін,
  • оңтүстікте +27…+32 градусқа дейін, таулы жерлерде +22 градус шамасында,
  • оңтүстік-шығыста +20…+30 градусқа дейін, таулы жерлерде +10…+15 градус болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!