Қазгидромет 21, 22, 23 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан аумағына кезекті суық антициклон ығыса бастайды. Соның салдарынан алдымен еліміздің солтүстік өңірлерінде, кейін шығысында күн суытады.
22 мамырда республиканың солтүстік облыстарында, ал 23 мамырда шығыс пен орталықта түнде ауа температурасы 0-5 градус жылыға дейін төмендейді, кейбір аудандарда тіпті 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы небәрі 10-15 градус жылы болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова