Қазгидромет 13, 14, 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. 13 қарашада шығыста және оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашын жаумайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!