Қазгидромет 8, 9, 10 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Циклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр мен қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!