Алда тағы да күн суыта ма?

Алда тағы да күн суыта ма?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет 8, 9, 10 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қар, тұман

Циклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр мен қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды.

Ауа температурасы:

  • Күндіз батыс өңірлерде +5...+15°С,
  • Солтүстік-батыста 0...+10°С,
  • Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда -3...+2°С,
  • Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +5...+15°С шамасында болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget