- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Алда - сырға...
"Алда - сырға салу, құдалық, беташар". Ерке Есмахан тойы қашан болатынын айтты
Әнші Ерке Есмахан тойы қашан болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқырмандарының бірі Instаgram-да әншіден неге келін болғаннан кейінгі өмірін көрсетпейтінін сұраған.
"Әлі толықтай келін емеспін ғой. Алда бұйыртса сырға салу, құда түсу, құдалық. Сосын беташар. Сосын супер келіншек боламын" (Жазбаның стилі мен орфографиясы сол күйінде берілді) , - деп жауап берген Ерке Есмахан.
Тағы бір оқырманы "Той қашан болады, болмай ма" деп сұраған. Оған әнші "Жазда болады" деп жауап берген.
"Бұйыртса жазда. Мен тойды қаламап едім. Мужым үлкееен той жасаймын деп қоймай отыр. Ок дедім" (Жазбаның стилі мен орфографиясы сол күйінде берілді), - деп жауап берген.
Еске салайық, Ерке Есмахан мен Raim 20 қаңтарда мұсылманша неке қидырғанын хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан