Алда нөсер жауын болжанып отыр

Қазгидромет 2, 3, 4 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атмосфералық фронттар өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

2 маусымда Павлодар облысында, 3 маусымда Атырау, Маңғыстау облыстарында, 3-4 маусымда Ақтөбе облысында, 4 маусымда Қостанай облысында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Кейбір жерлерде бұршақ жауып, жел соғуы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Батыста күндізгі ауа температурасы +23…+28 градусқа дейін жоғарылайды. Солтүстік-батыста ауа температурасы +13…+26 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы +25…+32 градусқа дейін, орталық мен шығыста +27…+36 градусқа дейін жоғарылайды. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы сәл төмендеп, +25…+35 градус шамасында болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!