Алда күн суытады

Алда күн суытады
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 15, 16, 17 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қай өңірлерде қар жауады?

Алдағы күндері атмосфералық фронттар өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. 15 қазанда елдің шығысында, оңтүстік-шығысында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр. Елдің шығысында көктайғақ болады. Тек республиканың орталығында, оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды.

16-17 қазанға қараған түндері елдің оңтүстік-шығысында 1-2 градус үсік жүреді. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі, таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Ауа температурасы:

  • Елдің батысында түнде +7…+15 градусқа дейін, күндіз +17…+25 градусқа дейін төмендейді; Ақтөбе облысында түнде +1…+6 градус, өңірдің солтүстігі мен шығысында -1…-3 градус болады, күндіз +15…+23 градусқа дейін төмендейді;
  • Қостанай облысында түнде -1…-6 градусқа дейін төмендейді, күндіз ауа температурасы +12…+17 градустан +10…+15 градусқа дейін аздап құбылады;
  • Елдің солтүстігінде түнде -3…-8 градусқа дейін төмендейді, 17 қазаннан бастап 0…+8 градусқа дейін жоғарылайды. Күндіз ауа температурасы аздап көтеріліп, +7…+12 градус болады;
  • Ұлытау облысында түнде ауа температурасы 0…+6 градус, өңірдің солтүстігі мен шығысында -3 градус болады. Күндіз +10…+20 градус болжанып отыр;
  • Қарағанды облысында түнде ауа температурасы -1…-8 градус, өңірдің оңтүстігінде +3 градус болады. Күндіз біртіндеп +10…+15 градусқа дейін жоғарылайды;
  • Елдің шығысында түнде ауа температурасы -1…-6 градустан -3…-11 градусқа дейін аздап төмендейді. Күндіз +3…+12 градус, өңірдің шығысында -2 градус болады;
  • Республиканың оңтүстігінде түнде ауа температурасы +2…+10 градусқа дейін, күндіз +15…+25 градусқа дейін аздап төмендейді;
  • Елдің оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 0…+8 градусқа дейін, таулы аудандарда -2…-7 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +12…+22 градустан +10…+18 градусқа дейін аздап құбылады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget