Қазгидромет 24, 25, 26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атмосфералық фронттар әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Еліміздің барлық дерлік өңірінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.
Түнгі, таңертеңгі уақытта кейбір жерлерде тұман түседі. Солтүстік өңірлерде 25-26 қыркүйекте 1-2 градусқа дейін үсік жүреді.
Күндіз еліміздің батысында ауа температурасы +20…+28 градусқа дейін, солтүстік-батыс пен солтүстікте +10…+17 градусқа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде +20…+25 градусқа дейін төмендейді. Таулы жерлерде ауа температурасы +10…+15 градус аралығында болады. Еліміздің орталығы мен шығысында айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!