Қазгидромет 27, 28, 29 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қай өңірлерге циклон әсер етеді?
Солтүстік циклон және атмосфералық фронттар еліміздің басым бөлігіне әсер етеді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кейбір жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болжанып отыр.
Еліміздің батысына Скандинавия антициклоны ықпал етеді. Антициклон шығыс бағытқа қарай жылжуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады.
Ауа температурасы
Батыста күндіз ауа температурасы +16…+24 градусқа дейін, солтүстікте +12…+20 градусқа дейін, орталықта +17…+25 градусқа дейін төмендейді. Шығыста ауа температурасы +23…+30 градусқа дейін жоғарылайды.
Елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз ауа температурасы +30…+37 градус аралығында болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова