Қазгидромет 27, 28, 29 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Антициклон әсерінен республика аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік және шығыс өңірлерде кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады.
Алайда елдің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. 29 қарашада түнгі уақытта солтүстік өңірлерде ауа температурасы 8-13°С-қа дейін, ал оңтүстік өңірлерде 2-7°С-қа дейін төмендейді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз