Алда күн суыта ма?

Қазгидромет 23, 24, 25 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері елдің көптеген өңірінде ашық, жылы, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта батыста, солтүстікте, шығыста тұман түседі.

Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!